Алматыда автобус ірі жол апатына ұшырады

/
Алматыда автобус ірі жол апатына ұшырады
Tengrinews.kz (видеодан скриншот)

Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат Жетісу ауданында тіркелген, деп turkystan.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде автобус ішінде баласымен бірге болған жолаушы жазды. Оның айтуынша, соқтығыс қатты болған.

"Бүгін ұлым екеуміз Бөкейханов көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысында жол апатына ұшырадық. Кім кінәлі екенін білмеймін. Автобус бұрылысқа сыймай қалған сияқты болды. Соққы өте қатты болды, дыбысы естілді – өте қорқынышты екен. Қатты қорықтық", – деп жазды ол.

Алматы полициясының мәліметінше, жол апаты сағат 13:25 шамасында болған.

Алдын ала дерек бойынша, Golden Dragon маркалы автобустың жүргізушісі Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даңғылына жақындағанда көлікті басқара алмай қалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Golden Dragon маркалы автобустың жүргізушісі Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даңғылына жақындағанда рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған ЗИЛ маркалы жүк көлігіне соғылған. Соққы салдарынан ЗИЛ алдында тұрған ГАЗ маркалы автокөлікпен соқтығысқан", – деп хабарлады полиция.

Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар