2040 жылға дейін тумайтын мүмкіндік: Осы аптада 7 планетаны бір мезетте телескопсыз тамашалауға болады

Меркурий, Венера, Юпитер және Марс тіпті телескопсыз да анық көрінеді.

2040 жылға дейін тумайтын мүмкіндік: Осы аптада 7 планетаны бір мезетте телескопсыз тамашалауға болады
сурет: istockphoto.com
24

Осы апта аспан әлеміне қызығушылығы бар жандар үшін ерекше мүмкіндік ұсынып отыр. 2040 жылға дейін алғаш рет жеті планетаны бірден тамашалауға болады. Меркурий, Венера, Юпитер және Марс тіпті телескопсыз да анық көрінеді.

Планеталарды жақсырақ көру үшін қаланың жарығынан алыс, ашық асан астындағы орынды таңдау керек. Көпқабатты үйдің шатыры немесе балконы да ең қолайлы жердің бірі. Сондай-ақ, көзді қараңғылыққа бейімдеу үшін телефонға кемінде 30 минутқа қарамау керек.

Ең қолайлы күндер – осы аптаның сейсенбісі, сәрсенбісі, бейсенбісі және жұмасы.

Серіктес жаңалықтары