Қазақстанның бірнеше өңірінде жол қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райына байланысты жеті облыста көлік қозғалысы шектелді

"ҚазАвтожол" мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста көлік қозғалысы шектелді.
Бүгін сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Шектеу Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 856-915 шақырымында (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы – Жақсы кенті) енгізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясы шекарасы автожолының 846-856 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы – Тахтаброд ауылына бұрылыс) көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысында Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – Ресей Федерациясы шекарасыавтожолының 14-255 шақырымында (Ақтөбе – Қарауылкелді ауылы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Сондай-ақ осы жолдың 255-337 шақырымында (Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін) қозғалыс тоқтатылды.
Бұдан бөлек Ресей Федерациясы шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы автожолының 776-1240 шақырымында (Ақтөбе – Қызылорда облысының шекарасы) жол жабылды.
Сонымен қатар Ресей Федерациясы шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы автожолының 22-99 шақырымында (Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы) көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Атырау облысында Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтауавтожолының 3-120 шақырымында (Доссор – Құлсары ауылы) жол жабылды.
Жетісу облысында Үшарал – Достық – Қытай шекарасы автожолының 84-164 шақырымында (Көктұма кенті – Достық станциясы) көлік қозғалысы жабылды.
Қызылорда облысында Ресей Федерациясы шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы автожолының 1240-1362 шақырымында (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы) жол қозғалысына шектеу қойылды.