2026 жылғы 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыповты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е. Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген өзге де адамдарды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр.