Түйетабан өсімдігі қатерлі ісікке ем бе?

Түйетабан өсімдігі қатерлі ісікке ем бе?
сурет: istockphoto.com
225

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары қатерлі ісікке қарсы қолданылатын дәрілік препараттарды әзірлеу тәсілдерін жетілдірді. Университет мамандары Іле-Балқаш өңірінде өсетін бұршақтүсті түйетабан өсімдігін зерттеп, оның қатерлі ісік ауруына қарсы белсенділігін анықтады.

Бұршақтүсті түйетабан ертеден халық меди­ци­на­сында кеңінен қолданылған. Дегенмен аталған өсім­дік ғылыми тұрғыда толық зерттелмеген. ҚазҰУ ға­лымдары алғаш рет оның құрамындағы фито­хи­мия­лық және биологиялық белсенді заттарды анық­тауға бағытталған ауқымды зерттеу жұмыстарын жүр­гізді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жоба алда­ғы уақытта отандық фармацевтиканы дамытуға сеп­тігін тигізбек.
«Жоба нәтижесінде бұршақтүсті түйетабан өсім­ді­гінің биологиялық белсенділігі жоғары екені анық­талды. Өсімдік сығындылары антиоксиданттық, ан­тимикробтық және цитоуытты қасиеттерімен ерек­шеленді. Мәселен, этанол сығындысы күшті ан­тиоксиданттық белсенділік көрсетті, ал этил аце­таты сығындысы бактерияларға қарсы тиімділік та­ныт­ты. Сондай-ақ өсімдіктің белгілі бір сығынды­лары лейкемия жасушаларына қарсы тұра алатыны дәлелденді. Мұны болашақта қатерлі ісік ауруына қар­сы дайындалатын дәрілерге пайдалануға болады», – дейді ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, докторант Гүлзат Қайранова.
Ғылыми жоба бойынша қауымдастырылған про­фессор Әсем Мамурова, PhD доктор, Түркия про­фес­соры Ахмет Бейатлы және ҚазҰУ докторанты Гүлзат Қайранова жұмыс істеуде. Болашақта мамандар патент алуды және жоғары рейтингтік ғылыми журналдарға мақала дайындауды жоспарлап отыр.
 

Серіктес жаңалықтары