Шығыс Қазақстанда бойжеткен өзін балағаттаған әкесін сотқа берді

/
Шығыс Қазақстанда бойжеткен өзін балағаттаған әкесін сотқа берді
istockphoto.com
Әкесі қатты мас болған.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ішімдік ішіп алып, мас болып, өзін балағаттаған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2025 жылдың 23 қаңтарында ер адам ішімдік ішіп, қатты мас болып, туған қызын балағаттап, мазасын алған. Әкесінің балағат сөздеріне шыдамаған қызы Тарбағатай ауданының полициясына жүгінді», - делінген Тарбағатай аудандық сотының хабарламасында.

Ер адамға қатысты «Отбасылық – тұрмыстық қарым-қатынастағы заңға қайшы әрекеттер» бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылған.

Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жаза берілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары