Лифтіде пышақ жарақатын алған баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп жазды turkystan.kz.
"5 жасар бала №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оны тексеріп, ота жасады. Хирургтер қан кетуді тоқтату үшін тамырларды байлау процедурасын жүргізді. Жалпы жағдайы ауыр деп бағалануда. Дегенмен, операциядан кейінгі жағдайы тұрақты", – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.