Семей тұрғыны колония аумағына 3,5 литр спирт лақтырмақ болды

/
Семей тұрғыны колония аумағына 3,5 литр спирт лақтырмақ болды
Polisia.kz
Ер адам әр ыдыста 0,5 литр спирті бар жеті пластик бөтелкелерді колонияның ескерту және негізгі қоршауларынан асырып, ішке қарай лақтырмақ болған.

Семейдегі колония аумағына спирт лақтырмақшы 58 жастағы азамат ұсталды.

Тұрғынды колонияның бейнебақылау бекетінің қызметкерлері байқап, оны Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің қызметкерлері оқиға орнында ұстады.

Ер адам әр ыдыста 0,5 литр спирті бар жеті пластик бөтелкелерді колонияның ескерту және негізгі қоршауларынан асырып, ішке қарай лақтырмақ болған.

«Семей қаласының тұрғыны өзіне бейтаныс адам осы заттарды ақшалай сыйақы үшін лақтыруды сұрағанын мойындады. Қазіргі уақытта «жеткізушіге» қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», - деп түсіндірді мекеменің тәртіп бөлімі тексеру тобының жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары