Жамбылда лауазымды тұлға тұтқындалды

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жамбылда лауазымды тұлға тұтқындалды
istockphoto.com
Автор
Админ
3151

Жамбыл облысында лауазымды тұлға қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокуратура Байзақ ауданының Полиция бөлімі басшысының орынбасарына қатысты Қылмыстық кодекстің 433-бабының 2-бөлігі (Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру, ауыр санатты қылмысты қасақана жасыру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Аудан аумағында 10 700 000 теңге қаражат ұрланғанына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтінішті Бірыңғай сотқа дейінгі тергеулер тізілімінде тіркемеу арқылы жасырған. Дәлелдер жиынтығы бойынша күдіктіге Қылмыстық кодекстің 433-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (бір топ адаммен алдын-ала келісіп, ауыр қылмысты жасыру) бойынша айып тағылып отыр. Күдікті – полиция қызметкері ұсталып, қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

 

Серіктес жаңалықтары