Петропавлда үйде жалғыз қамалып қалған 5 жасар қыз құтқарылды

/
Петропавлда үйде жалғыз қамалып қалған 5 жасар қыз құтқарылды
ТЖМ
ТЖМ мәліметінше, қыз ешқандай жарақат алмаған

Петропавлда 5 жасар қыз қамалып қалды. Оны құтқарушылар аман-есен алып шықты, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

«Қыздың атасы сыртқа шыққан кезде есік абайсызда жабылып, бүлдіршін үйде жалғыз қалған. Қария есікті аша алмаған соң, дереу 112 қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен терезені ашып, үйге кіріп, іштен есікті ашқан», — делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, қыз ешқандай жарақат алмаған. Құтқарушылар азаматтарға үйде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керек екенін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары