Германияда ChatGPT-ге сұрақ қоюдың ерекше тәсілі пайда болды. Енді пайдаланушылар жасанды интеллектке факс арқылы хабарлама жіберіп, қағазға жазылған жауап ала алады.
Бұл қызметті Брауншвейгтегі Simple-Fax компаниясы тестілік режимде іске қосқан. Компания ескірген факс технологиясы мен OpenAI-дың заманауи чат-ботын біріктіріп, ерекше шешім ұсынды.
Германияда факс әлі де кең таралған. Bitkom цифрлық қауымдастығының 2024 жылғы зерттеуіне сәйкес, елдегі кәсіпорындардың 75%-дан астамы әлі күнге дейін факсты қолданады, ал 25%-ы оны жиі немесе өте жиі пайдаланады. Simple-Fax қызметі дәл осы компанияларға және олардың қызметкерлеріне арналған.