Құны 20 млрд теңге 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Басқарушылар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемеген

Құны 20 млрд теңге 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды
скриншот
140

Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын басқару саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Қадағалау қызметі барысында сенімгерлікпен басқарушылар тарапынан бұзушылықтар анықталды, олар 8 су қоймасының тиісті техникалық жай-күйін сақтау жөніндегі шарттық міндеттемелерді елемеген, атап айтқанда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеді.

Бұл жағдайлар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға да қайтымсыз әсер етуі мүмкін.

Қабылданған шаралардың арқасында жосықсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылды, ал 20 млрд теңгеден астам сомаға мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар су объектілерін көп факторлы техникалық тексеру бойынша жұмыс жүргізуде.

Облыс прокуратурасымен су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және стратегиялық маңызды объектілерді бақылауды қалпына келтіру бойынша жұмысын жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары