Фристайлшы Анастасия Городко әлем кубогында жүлдегер атанды

Жарыс барысында Городко жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді.

Фристайлшы Анастасия Городко әлем кубогында жүлдегер атанды
kazsports.kz
144

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогыгың кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Жарыс барысында Городко жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді.

Шешуші жарыста қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен кездесті. Нәтижесінде америкалық спортшы басымдық танытты.

Қола медальды Лаффон иеленсе, Юлия Галышева тоғызыншы орынға, ал Аяулым Әмренова 13-орынға тұрақтады.

Серіктес жаңалықтары