Қарағанды облысында вагон рельстен шығып кетті

Болған оқиғадан ешкім зардап шекпеген

Қарағанды облысында вагон рельстен шығып кетті
320

1 ақпан күні сағат 15:30-да Қарағанды-Сортировочная стансасында жүк пойызы вагондарының бірі рельстен шығып кетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, болған оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Болжам бойынша, вагонның бір шетіндегі рамасын сынған болуы мүмкін. Вагон өзбекстандық компанияға тиесілі.

Серіктес жаңалықтары