Полицейлер Жанар Дұғалованың жоғалған затын тауып берді

Жанар Дұғалова полицейлерге алғыс айтты.

Полицейлер Жанар Дұғалованың жоғалған затын тауып берді
сурет ашық дереккөзден алынды
1057

Белгілі әнші Жанар Дұғалова Астанаға сапары барысында жеке затын жоғалтып алып, Есіл аудандық полиция бөліміне арызданған, деп хабарлады turkystan.kz.

Қалалық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы оқиғаға байланысты видео жарияланды. Бейнежазбада Жанар Дұғалова тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізген.

«Астана қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді. Олар жоғалған затымды тауып, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарды. Жұмыстарына өте ризамын, мың да бір рахмет!», - деген әнші полиция қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.

Серіктес жаңалықтары