Ел болашағы – салауатты ұрпақ

Ел болашағы – салауатты ұрпақ
Автор
Админ
64

Ойыл аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі алаңында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде «Ел болашағы-салауатты ұрпақ» ұранымен «Денсаулық фестивалі» өтті.

Партияның Ақтөбе облысы Ойыл аудандық филиалы «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен денсаулық фестиваліне партия мүшелері- аудандағы мекеме басшылары мен қызметкерлерінен бастап, колледж, мектеп оқушыларына дейін белсене қатысты. Іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ауданда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталса, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрбану Арыстанова денсаулық саласы бойынша мәлімет беріп, жиылған жұртшылықты спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

Фестиваль соңында жиылған көпшілік аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрасқан Сәрсенғалиевтің нұсқауы бойынша жаппай спорттық жаттығулар жасады. Ал аудандық аурухананың мамандары жиылғандардың бой, салмағымен бірге қан қысымдарын өлшеп берді. «Денсаулық Фестивалінің» соңы арқан тартыс, кермеге тартылу, қол күрес ойындарына ұласты. Сонымен қатар, скандинавтік жүріс марафоны өткізілді.

А.ҚАЗИЕВА,

«AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалы «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының төрағасы

Серіктес жаңалықтары