519
Үндістандық әйел ұялы телефонды жұтып қойды
Әйел адам абайсызда ұялы телефонды жұтып қойған.
Үндістанның Раджамундри қаласында психикалық ауытқулары бар 35 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Үндістанның тұрғыны Рамя Сочи 25 қаңтарда мемлекеттік жалпы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер ұялы телефонды өңештен шығару операциясын сәтті жасады. Алайда, органның қатты зақымдануына байланысты науқас одан әрі емдеу үшін мамандандырылған медициналық мекемеге жіберілген. Өкінішке қарай, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, әйел адамды аман алып қалу мүмкін болмады», - деп жазды The Times Of India басылымы.