1724
Автобустағы жанжал: Қостанайда 61 жастағы тұрғын ұсталды
Қостанайда ер адам әйелді соққыға жыққан.
Қостанайдағы автобустардың бірінде ер адам әйел кісіге қол жұмсаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz мәліметінше, Қостанайдың маршруттық автобустарының бірінде жанжал туындап, ер адам әйелді ұрған. Араға зардап шеккен адамды қорғауға тырысқан жолаушылар араласты.
Полиция қызметкерлері жеке басын анықтап, 61 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Ер адамға қатысты полиция қоғамға деген құрметсіздік білдіретін және зорлық-зомбылыққа әкеп соққан бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген мәліметте.