Маңғыстауда әскери қызметкерді өлтірген офицер 13 жылға сотталды

Бұған дейін соңғы сөзін айтқан 22 жастағы лейтенант Досов марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған болатын.

Маңғыстауда әскери қызметкерді өлтірген офицер 13 жылға сотталды
Ғаламтор
Автор
Админ
240

Үкім Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі әскери мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Дамир Досанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы (1-бөлігі) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді», - деді судья Тамара Королевская.

Сонымен қатар Дамир Досанов лейтенант шенінен айырылды.

Марқұмның анасы Әсия Барқұлова моральдық шығын ретінде 50 млн теңге талап еткен. Сот талапты ішінара қанағаттандырды. Жәбірленуші 20 млн теңге алады.

Бұған дейін соңғы сөзін айтқан 22 жастағы лейтенант Досов марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған болатын.

Серіктес жаңалықтары