Танымал блогер Айжан Байзақова жасанды интеллектің көмегімен жасалған суреттерін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Блогер әлеуметтік желіде ерекше образда суреттер жүктеді.
«Мені ЖИ осылай көреді екен. Ал екінші фотом шамалы бір-екі кг қоссам, осындай болады екен. Нұрбекке ұнайды», - деп жазба қалдырды Айжан Байзақова.
Желі қолданушылары блогердің суреттеріне таңданыстарын жасырмады.
«Ең шынайы суреттер болып шығыпты», «Томпақ Айжан сүйкімдірек екен», «Томпатығы жарасып-ақ тұр», «Пампушка Байзақова әдемі», - деген пікірлер қалдырды Байзақованың оқырмандары.