Алматыда екі блогерлер кәсіпкерден 8 млн теңге бопсалаған

Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған.

Алматыда екі блогерлер кәсіпкерден 8 млн теңге бопсалаған
скриншот
185

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады.

ІІМ мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

«Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары