Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов Мұхтар Мағауиннің қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Айаналайын, халқым! Қазақ әдебиетінің үлкен бәйтерегі құлады. Мұхтар Мағауин – өмір бойы ұлттың тарихына еңбек еткен адам. Осыған орай бүкіл қазақ халқына көңіл айтамын», - деді Мұхтар Шаханов.
Айта кетейік, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.