Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында жүргізілген рейдтер барысында 4,9 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлады polisia.kz.
«Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде 711 мобильді топ құрылып, 2 450 рейдтік шара өткізілді. Рейдтердің басты мақсаты заңсыз шырша ағаштарын кесу, тасымалдау және сатуды болдырмау еді», — деп жазылған хабарламада.
Рейд барысында 1 011 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:
- Ағаштарды заңсыз кесу – 8 факт;
- Рұқсат етілмеген орындарда сату – 574 факт;
- Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзу – 429 факт.
Жалпы әкімшілік айыппұлдардың сомасы 4,9 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар 4 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.