«Қолыңа картье, ішіңе бөпе»: Ерке Есмахан Италияда атақты театр қойылымына қатысты

Өнер иесі күйеуімен Миландағы театрға барғанын көрсетті.

«Қолыңа картье, ішіңе бөпе»: Ерке Есмахан Италияда атақты театр қойылымына қатысты
сурет ашық дереккөзден алынды
408

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуімен Италияда қыдырып жүр, деп хабарлады turkystan.kz.

Жұлдызды жұп шетелдегі демалысы қалай өтіп жатқанын желіде көрсетті.  Ерке мен Райм балаларымен Милан қаласында ерекше отбасылық демалыс өткізуде. Ерлі-зайыпты әсем әрі танымал жерлерді аралап, желіде түрлі фото мен видео жариялады.

Өнер иелері Италияда жүрсе де мәдени шараларға қатысуды ұмытпаған. Олар La Scala театрына әйгілі «Щелкунчик» қойылымына барған. Ерке Есмахан бұл кеш үшін арнайы образ дайындады.

Әнші классикалық үлгідегі қызыл түсті көйлек киіп барған. Алайда жолдасы қойылымға классикалық образ киюден бас тартқан.

«Қолыңа Сartier, құлағыңа Сhopard. Ішіңе бөпе, Тағы Европа күтеді алда! Бұл күндер де қалады артта» - деген ән күйеуімнің аффирмациясы. «Сәлем, Италия! Милан. Театр La Scala. Щелкунчик», - деген жазба қалдырды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында. 

Желідегілер Еркенің образына тәнті болып, оған жылы лебізін жаудырған.

«Қандай сұлусыз», «Нәзіктік пен әдеміліктің символы», «Жүктілік сізге өте жарасады екен», «Көз тимесін. Көрікті ару», «Еркенің осындай бақытты да сұлу болып жүргені жолдасының арқасы, жолдасының махаббаты», - деп жазуда көпшілік. 

Серіктес жаңалықтары