Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің біраз бөлігінде қар жауып, боран соғады.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Сурет: www.istockphoto.com
505

Синоптиктер 7, 8 және 9 қаңтарға ауа райы болжамын жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

7 қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райын ылғал қоры мол оңтүстік-каспийлік циклон анықтайды. Осыған байланысты елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар, боран, кей жерлерде қатты қар жауады деп күтіледі.

Ал республиканың оңтүстік-батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанған.

8 қаңтарда батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массаларының енуі күтіледі, бұл температураның күрт төмендеуіне әкеледі: республиканың солтүстік бөлігінде түнде 15-25 градусқа дейін, оңтүстігінде 5-15 градусқа дейін, Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында 20-25 градусқа дейін аяз болады.

"9 қаңтарда күндіз ауа температурасы қайтадан жоғарылайды: республиканың солтүстік бөлігінде 0-5 градус аяз, оңтүстігінде 0-5 градус жылы болады", – деп хабарлады синоптиктер.

Серіктес жаңалықтары