Жаңа жылдық мерекеде пиротехникадан 63 адам зардап шеккен

Зардап шеккендердің ішінде 12 адам, оның ішінде 5 бала ауруханаға жатқызылды

Жаңа жылдық мерекеде пиротехникадан 63 адам зардап шеккен
istockphoto.com
215

Қазақстанда жаңа жылдық мерекелерде пиротехникалық құралдарды пайдалану кезінде 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің ішінде 12 адам, оның ішінде 5 бала ауруханаға жатқызылды. Амбулаторлық емдеуде 51 науқас, оның ішінде 15 бала бар.

Отшашулар мен петардалардан ең көп зардап шеккендер Алматыда тіркелді – 19 адам. Жамбыл облысында 11 адам жарақат алды. Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкентте алтыдан адам зардап шеккен. Ақтөбе облысында – екі адам. Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында бір-бірден жағдай тіркелген.

«Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдірқабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдауда. Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары