«Бүк түсіп ренжіген»: Сәкен Майғазиев отбасындағы ерекше оқиға жайлы айтты (ВИДЕО)

Әнші оқырмандарына туған інісін көрсетті.

«Бүк түсіп ренжіген»: Сәкен Майғазиев отбасындағы ерекше оқиға жайлы айтты (ВИДЕО)
877

Сәкен Майғазиев желі қолданушыларына отбасылық оқиға жайлы айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

"Туған інім Тәкен. Анамыз сүт кенжесі Тәкенге жүкті кезінде әжем марқұм түсінде бөлтірік көріпті. Жақсыға жорып, әулетімге қасқыр мінезді, алғыр ұл келгелі тұр екен деп, есімін Қасқырай деп қойыңдар депті. Әкеміз марқұм туу туралы куәлік алуға барғанда Сакенге серік болсын деп, атын әрі маған ұқсатып, әрі Тәкен Әлімқұловтың құрметіне Тәкен деп жаздырыпты. (Әкем марқұмның үйдегі кітапханасы үлкен болатын. Әкем кітапты көп оқитын кісі еді. Содан әжем әкемнен сұрайды ғой баланың есімін Қасқырбай деп қойдың ба деп. Әкем сонда: - Сіз айтқан есімді ұмытып қалып, Сәкен балаңызға ұқсатып Тәкен деп жаздыра салдым", - дегеніне бүк түсіп ренжіген екен", — деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиевтің оқырмандарын ойландырып қойғаны жайында жазған едік.

Серіктес жаңалықтары