389
Абай облысындағы қыстаудан бір жасар науқас бала эвакуацияланды
Құтқарушылар Алматы-Өскемен тас жолына эвакуациялаған.
Абай облысында бір жасар науқас сәби қыстауынан дәрігерлерге жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
"Абай облысы, Аягөз қалалық өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне 2023 жылы туылған науқас баланы қыстаудан жеткізуге көмек қажет екендігі туралы хабарлама түсті", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар фельдшермен бірге науқасқа жетіп, оны тексеріп, баланы және оның ата-анасын Алматы-Өскемен тас жолына эвакуациялаған.