Аустралияда өтіп жатқан United Sup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Алғашқы ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 80-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.
Елена неміс спортшысын 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасын алға шығарды.
Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойынға шықпады. Оның орнына рейтингте 254-орындағы Даниэль Мазур шықты.
Д.Мазур бірінші сетте Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.
Дегенмен, кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді. Есеп — 6:2, 6:2.