Қазақстанда ұсталған рэпер Navai елден шығарылды

/
Қазақстанда ұсталған рэпер Navai елден шығарылды
Ғаламтор

Бұған дейін Жамбыл облысында ұсталған Navai сахналық атымен танымал ресейлік рэпер Наваи Бакировқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, орындаушы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ресейлік рэп орындаушысына қатысты қылмыстық іс қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және шын жүректен өкінгені ескеріліп, ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Қабылданған процестік шешімді қадағалаушы орган бекітті. Шетел азаматы ел аумағынан шығарылды», – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, ресейлік рэпер Наваи Бакиров биыл 13 қазанда Қазақстанға кіреберістегі «Қордай» өткізу пунктінде ұсталған. Операцияны полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп жүргізген. Әртіс отырған автокөлікті тексеру кезінде есірткі заты анықталып, тәркіленген.

SHOT мәліметінше, көліктен 2,5 грамм марихуана, темекіні қолдан орауға арналған қағаз және ұнтақтағыш табылған. Рэпермен бірге тағы екі адам ұсталғанымен, кейін олар босатылған. Оқиғаға байланысты есірткі контрабандасы және есірткі заттарын заңсыз сақтау баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Navai-дің Астанада 14 қазанға жоспарланған концерті белгісіз мерзімге шегерілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары