Нұрлан Еспановтың ұлы үйленетінін мәлімдеді

Әншінің баласы өткен жылға қорытынды жасап, алдағы жоспарын бөлісті.

Нұрлан Еспановтың ұлы үйленетінін мәлімдеді
499

Олжас Еспанов алдағы жылы отбасы құратынын айтты, деп жазды turkystan.kz.

«Өткен жылға өкпе жоқ, машинаны аямай ауыстырыппын. 2024 жыл оңай жыл болмады, қайғылы, қуанышты, қиын әрі жақсы сәттермен есте қалды. Бәрі де өткеннің еншісінде қалды. Ендігі мақсат 2025-те үйлену! Бұйырса, үйленіп, үбірлі-шүбірлі, балалы-шағалы болып бақытты отбасы болғым келеді! Жалпы арман-мақсат көп! Келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! 2025 хайырлы,берекелі жыл болғай!», - деп жазды Олжас Еспанов.

Еске салсақ, бұған дейін әнші Нұрлан Еспановтың оқырмандарына Джеки Чаннан аумайтын имамды көрсеткені жайында жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары