Жазғы Азиада-2026: Теннисші Анна Данилина мен Юлия Путинцева қола жүлде алды

/
Жазғы Азиада-2026: Теннисші Анна Данилина мен Юлия Путинцева қола жүлде алды
Спорт комитеті

Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жұптық сында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жартылай финалда қазақстандық жұп Қытайлық Тайбэй өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшомен кездесті. Тартысты өткен матчта қарсыластар екі сетте де басым түсіп, 7:6 (7:3), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Юлия Путинцева жекелей сында да Азия ойындарының қола медалін иеленген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар