Әнші Нұрлан Еспанов оқырмандарына Джеки Чаннан аумайтын имамды көрсетті (ВИДЕО)

Өнер иесі Меккеге барған сапарынан видео жариялады.

Әнші Нұрлан Еспанов оқырмандарына Джеки Чаннан аумайтын имамды көрсетті (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

Нұрлан Еспанов әлеуметтік желідегі парақшасында Аль-Азыйм мешітінің бас имамаы Ғазиз Жүсіповтың қытайлық танымал актер Джеки Чанға ұқсайтыны жайлы айтты, деп жазды turkystan.kz.

«Барлығыңыз қасымда жүрген сапарлас азаматты «Джеки Чан ба?» деп сұрап жатырсыздар ғой. Бұл кісі - Ғазиз ұстаз. Ол - өте білімді, өте мәдениетті, сабырлы, білімді ұстаз. Адамгершілігі бір төбе», - деп жазды әнші.