«Ұшақта құрбымның ұлы болды»: Әзербайжандық әнші Роза Зергерлі қазақстандықтарға үндеу жасады

Бұл орны толмас өкініш пен трагедия

«Ұшақта құрбымның ұлы болды»: Әзербайжандық әнші Роза Зергерлі қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: oxu.az
593

“Istedim” әні арқылы танымал болған Роза Зергерлі Қазақстанның батыс өңіріне жоспарланған концертінің өтпейтінін айтып, үндеу жасады. 

“Құрметті, оқырмандар! Үндеуді орыс тілінде айтайын. Ұшақ апатынан қазақ тапқан жерлестерімнің жақындарына көңіл айтамын. Менің Қазақстан өңіріне концерттік турым басталатын еді. Бірақ мен бәрінен бас тарттым. Атыраудағы концертімді де болдырмадым. 1500 адамның алдына шығып ән айтпадым. Бір минут үнсіздік жарияладым. Бұл орны толмас өкініш пен трагедия. Ұшақта менің құрбымның ұлы да болды. Өзімнің жерлестеріме және қазақ, орыс, қырғыз, грузин бауырларыма көңіл айтамын. Менің қабылдаған шешіміме түсіністік танытасыздар деп ойлаймын. Мені қолдаған барлық тыңдарманға алғыс білдіремін”, – деп жазды әнші. 

Серіктес жаңалықтары