Қазақстандық шахматшы қыздар Қытай құрамасымен бірінші орын үшін таласады

/
Қазақстандық шахматшы қыздар Қытай құрамасымен бірінші орын үшін таласады
Спортты дамыту дирекциясы

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының алғашқы алты турынан кейін Қазақстан әйелдер құрамасы турнир кестесінде екінші орында келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық шахматшылар осы уақытқа дейін өткізген алты кездесудің барлығында жеңіске жетіп, мүмкін болған 12 командалық ұпайдың бәрін жинады.

Ұлттық құрама Ботсвана, Босния және Герцеговина, Словения мен Арменияны жеңді. Кейін Германия және Әзербайжан құрамаларынан 2,5:1,5 есебімен басым түсті.

Қазақстанмен бірдей 12 ұпай жинаған Қытай құрамасы қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші орында тұр. Ал Үндістан 10 ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.

23 қыркүйекте өтетін жетінші турда Қазақстан мен Қытай құрамалары өзара кездеседі. Бұл матч турнир кестесіндегі көшбасшыны анықтауы мүмкін.

Қытай құрамасы бұл олимпиадаға Хоу Ифань, Тань Чжунъи, Лэй Тинцзе және қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь секілді жетекші шахматшыларын алып келмеген.

Команданың бірінші тақтасында рейтингі 2550 болатын Чжу Цзиньэр ойнайды. Сонымен қатар 2010 жылы туған халықаралық шебер Лу Мяои де Қытай сапында өнер көрсетіп жүр.

Қытай құрамасының негізгі төрт ойыншысының орташа Эло рейтингі 2432 болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2421-ге тең. Екі команданың арасындағы айырмашылық – небәрі 11 рейтингтік ұпай.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар