"Үнді киносындағыдай": Астанада қоршаудан қашып шыққан тұлпар желі қолданушыларын таңғалдырды

/
"Үнді киносындағыдай": Астанада қоршаудан қашып шыққан тұлпар желі қолданушыларын таңғалдырды
видеодан скриншот

Астанада жеке атқорадан қашып шыққан жылқының видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Калиф есімді тұлпар әдеттегі серуеннен жалығып кеткендей қоршаудан өздігінен шығып кеткен. Алайда оның «еркіндікке шығу» жоспары ұзаққа созылмады.

Жылқы қоршаудан өткенімен, атқора аумағының сыртқы қақпасы жабық тұрған. Соның салдарынан Калиф алысқа ұзай алмай, аумақта қалып қойған.

Тұлпардың иесі Гүлнұр Әнуарбекқызы болған жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, Калиф мұндай мінезді алғаш рет көрсетіп отырған жоқ.

Көп ұзамай видео желіде тарап, қолданушылардың қызу талқысына түсті. Кейбірі жылқының қоршаудан асқан сәтін үнді фильмдеріндегі әсерлі көріністерге ұқсатқан.

"Ол жақсы өмірге лайық екенін түсінді", "Ең бастысы - жылқы аман болсын. Ал мінезі, әрине, от екен", "Әдемі қашамын деп, квесттің екінші деңгейін ұмытып кеткен кезде", "Тура үнді киносындағы кадр сияқты", - деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырғандар Калифтің жағдайын сұрап, оның аумақтан шығып үлгерген-үлгермегеніне де қызығушылық танытқан.

Осылайша, еркіндікке ұмтылған тұлпардың сәтсіз «қашуы» Қазнеттегі көңілді видеолардың біріне айналды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар