"Кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа": Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға ренішін ашық айтты

/
"Кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа": Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға ренішін ашық айтты
Stan.kz коллажы

Продюсер Бағым Мұхитденова әнші Мөлдір Әуелбекованың әлеуметтік желідегі жауабына қатысты пікір білдіріп, оған арнап көлемді жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін желі қолданушыларының бірі Мөлдір Әуелбековаға "Моля, ұстазыңызбен достасыңыз" деп пікір қалдырған. Әнші оған "Құдай сақтасын, бетін аулақ" деп жауап берген.

Осыдан кейін Бағым Мұхитденова үнсіздігін әлсіздік деп қабылдамауға шақырып, әншінің өткен кезеңдегі әрекеттеріне қатысты ренішін жеткізді.

"Құдайға шүкіршілік айтып отырып, сол құдайдың "жақсылық жасаған адамға алғыс айт" деген аманатының орнына "бәлесінен аулақ" деуің дұрыс па? Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, "бәріне өз күшіммен жеттім" деуің дұрыс па?" – деп жазды Бағым Мұхитденова.

Продюсердің айтуынша, Мөлдір Әуелбекова кезінде оның шаңырағында тұрған және өнер жолында алғашқы қадамдарын жасауына өзі көмектескен. Ол сол жылдардағы еңбегінің кейін еленбей қалғанына қынжылатынын айтты.

"Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, "бәріне өз күшіммен жеттім" деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па? Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па? "Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш" деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па?" – деп жазды Бағым Мұхитденова.

Бағым Мұхитденова бұл ренішті ұзақ уақыт бойы іште сақтап келгенін де атап өтті. Оның сөзінше, Мөлдір Әуелбекованың өзін жәбірленуші ретінде көрсетуі де көңіліне тиген.

"Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па? Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігісі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын. Дәл осы ән сені Елге танытты, атақ әкелді, әлі күнге дейін табыс әкеліп отыр. Сондықтан қайдан шыққаныңды, кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа", – деп жазды продюсер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары