Үш қазақстандық теннисші Australian Open-2025 турниріне қатысады

Australian Open-2025 чемпионатының ерлер арасындағы жұптық жарыстарының негізгі тізімі белгілі болды.

Үш қазақстандық теннисші Australian Open-2025 турниріне қатысады
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
228

Қазақстанның атынан Александр Бублик, Александр Шевченко және Александр Недовесов жарысқа барады, деп хабарлады turkystan.kz.

Сайыста қазақстандық жұп Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді. Ал Александр Недовесов голландиялық Робин Хаасемен бірге ойнайды. Хаасе 2013 жылғы Australian Open турнирінің финалисі болған.

Қазіргі чемпиондар Рохан Бопанна (Индия) мен Мэттью Эбден (Австралия) биыл титулын жұптасып қорғаудан бас тартты. Бопанна Николас Баррьентоспен, ал Эбден бельгиялық Йоран Флигенмен бірге ойнайды.

Айта кетейік, турнир 6-26 қаңтар аралығында Мельбурнде өтеді.

 

Серіктес жаңалықтары