164
Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті
Жаңа басшыны сайлау бойынша мәселе жақын уақытта Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланатын болады.
Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті.
Ол аталған қызметке 17 мамырда сайланған еді. Оның басшылықтан кетуіне себеп – өзге жұмысқа ауысу.
«Qazaqstan Football League-сында осы жылы отандық футболды дамытуға бағытталған біршама реформалар жүзеге асты. Мен үшін QFL-ді басқару үлкен құрмет әрі жауапкершілік және көптеген жобалардың іске асуына үлес қосқаныма қуаныштымын. Лиганың командасы, футбол клубтары, біздің серіктестер, БАҚ өкілдері және құрметті жанкүйерлерге қолдау танытып, бірге жемісті қызмет атқарғаны үшін рақметімді айтамын», – деді Ғани Қайназаров.
Qazaqstan Football League Ғани Әділханұлына өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді. Жаңа басшыны сайлау бойынша мәселе жақын уақытта Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланатын болады.