Жаңа рәсімдер судьялардың тәуелсіздігін күшейтеді

Жаңа рәсімдер судьялардың тәуелсіздігін күшейтеді
сурет: istockphoto.com
227

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың біліктілігі мен сот жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Президент сот жүйесіне білікті мамандарды тарту, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету және қоғамның соттарға сенімін нығайту қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. 

Қазан айында Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Судьяларының ІХ съезінде сөй­ле­ген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев су­дья­лар адалдық­тың, дербестіктің және әділ­діктің жарқын үлгісі болуы керек еке­нін айтты. Президент  судьялардың эти­калық нормаларды сақ­тауының маңыз­дылығын атап өтіп, сот­тар­дың тәр­тіптік жауапкершілігін күшейтуге ба­ғыт­­талған жаңа тәсілдерді енгізу қа­жет­­тігін жеткізді. Сондай-ақ судьяларды ірік­теу ке­зінде олардың кәсіби және же­ке қа­сиет­теріне шынайы баға беру, қоғам­дық пікірді жан-жақты зерттеу қажеттігін атап өтті. 
Президенттің айтуынша, әділ сот мем­­лекеттің тірегі, сондықтан сот билігі қа­­шан­да абыройлы әрі мінсіз болуға тиіс.
– Заң мен тәртіп – әділетті қоғам­ның не­­­гізгі өлшемі. Бұл – заң алдында бәрі бір­дей, тең құқылы деген сөз. Сол се­бепті, сот ор­гандары азаматтардың бас­ты қорғаны болуы керек. Елде заң үс­тем­дігі орнаса, ха­лық­тың билікке де­ген сенімі нығаяды, – деді Мемлекет бас­шысы. Жалпы, елімізде заң және құқық са­ласы бойынша жақсы баста­ма­лар қолға алынып жатыр. Соның бірі – биыл жазда қабылданған сот жүйесі мен су­дья­лардың мәртебесі туралы Конс­ти­ту­ция­лық заң жобасы. Парламент пала­та­лары­ның бірлескен отырысында депутаттар «Қ­азақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конс­титуциялық заңға өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Артынша Президент жаңа заңға қол қойды. 
Сенат депутаты Нұрлан Бекназаровтың ай­туынша, заң жобасы Президенттің сот төрелігін атқару сапасын қамтамасыз ету жә­не судьялардың кәсіби деңгейін арттыру қа­жеттілігі туралы тапсырмаларын іске асы­ру мақсатында әзірленген. Құжат Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бастама­шыл­дығымен, мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ғылыми және заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен дайындалған.
– Конституциялық заң жобасының мақ­саты – сот төрелігінің атқарылу сапасын, судья­лар корпусының кәсіби біліктілігін, олар­дың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған құқықтық тетік­тер­ді жетілдіру арқылы сот жүйесін одан әрі дамыту, – деді депутат.
Қабылданған түзетулер Жоғарғы Сот Кеңе­сінің анық кадрлық функциялары бар то­лыққанды институт ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтуға бағытталған. Осы заң­намалық шаралар – Кеңес соңғы жылдары осы бағытта іске асырып жатқан іс-шара­лар­дың жалғасы. Заңнамалық түзетулермен Жо­ғарғы Сот Кеңесіне судьялыққа канди­дат­тарды даярлау, олардың біліктілігін арт­тыру, шекті жасты ұзарту, жұмыс істеп жүрген судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру және тоқтату сынды бірқатар мәселе­лер көтерілді. Атап айтқанда, 2024 жылғы 15 шіл­­деден бастап Кеңеске судьяларды қайта даяр­лау және біліктілігін арттыру мә­селе­лерімен Сот төрелігі Академиясы айна­лыса­тын болды. Сондай-ақ судьяларға бір­қатар мәселелер бойынша Жоғарғы Сот Кеңе­сіне тікелей жүгіну құқығы берілді. Бұ­дан басқа, Жоғарғы Сот Кеңесі Төрағасы­ның құзыре­ті­не қолданыстағы судьялардың өкілет­тік­те­рін тоқтата тұру мәселелері бе­ріл­ді. Осы атал­ған  рәсімдер судьялардың тәуел­сізді­гі­нің кепілдіктерін күшейтуге ба­ғытталады. 
– Сот жүйесіне білікті және кәсіби кадр­ларды тарту мақсатында кандидаттардың Жоғарғы Сот Кеңесінің ұсынымын алған­нан кейін тағылымдамадан өту құқығы бе­кітілді. Бұған дейін біліктілік емтиханын сәт­ті тапсырған кандидаттар соттарда тағы­лымдамадан өткен, ал тағылымдамадан кейін кандидаттар судьялық лауазымдарға кон­курстық іріктеуге қатысуға жіберілген. Бұл ретте тағылымдама негізгі жұмыс орны­нан қол үзіп жүзеге асырылатын, ал бұл кан­дидат судья болып тағайындау туралы ұсыныс алуға ешқандай кепілдік болмай, жұ­мыссыз қалу қаупін тудырғандықтан, олар­дың тағылымдамадан өтуден бас тар­туы­ның себептерінің бірі болды. Енді үміт­керлерге Кеңестің тиісті ұсынымын алған­нан кейін тағылымдамадан өту құқығы бері­леді. Бұл кандидаттарға ыңғайлы жағ­дай жасау үшін және олардың конкурстық іріктеу кезеңдерінен неғұрлым жедел өтуі, сондай-ақ сот жүйесіне жаңа жоғары білікті кадрларды тарту үшін жасалды. Бұдан бас­қа, судьялыққа кандидат тағылымдама қорытындылары бойынша соттың жалпы оты­рысының теріс қорытындысын алған жағ­дайда Кеңестің ұсынымдарын қайта қа­рау тәртібі айқындалған, – дейді «Қа­зақ­станда судьяларды іріктеу және тағайындау: заң­наманы дамыту және Қазақстанның Жо­ғарғы Сот кеңесін қалыптастыру мен қыз­метіндегі проблемалық аспектілері» мақа­ласының авторлары Е.Әбдірасулов, 
А.Сақ­тағанова, С.Жеңісов. 
Судьялардың дербестігін арттыру – өзек­­ті мәселелердің бірі. Сондықтан Жоғар­ғы Сот Кеңесінің мәртебесін одан әрі ны­ғайту үшін судьялыққа үміткерлерді дайын­дау, олардың біліктілігін көтеру  жұмыстары, сондай-ақ судьяның шекті жасын ұзарту, өкілеттігін тоқтату сынды шаралар, яғни,  кадр­ларды іріктеуден бастап, барлық дең­гейдегі соттарды тағайындауға ұсыным беруг­е дейінгі міндеттердің орындалуы өте маңызды. 
Демократиялық мемлекетте, аза­мат­тық қоғамда судьялардың дамуы – құқықтық мем­лекеттің және қоғамдық шие­леністі тамырымен жоюдың шарт­та­рының бірі. Ал сот жүйесіне деген сенім­сіз­дік – сот төрелігінің негіздерін бұзып қана қоймай, дұрыс жүзеге асырылуына кедергі кел­тіреді. Сондықтан сот төрелігін әділ жә­не заңды жүзеге асыруға мемлекеттен бас­тап еліміздің әрбір азаматы мүдделі. Осы орай­да судьялар да адам құқықтарының қа­таң сақталуын қадағалап отыруы керек. 
– Судьялар үнемі кәсіби біліктілігін арт­тырып, жұмысқа деген көзқарастарын же­тілдіріп, қалыптасқан ойлау жүйесін өзгер­туі қажет. Ол үшін халықаралық судьялар қауым­дастығымен тығыз байланыс орнату, сот саласындағы өзекті халықаралық үрдістерді ескеру маңызды.  Судьялардың бе­делі мінсіз болуы керек, ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық және жария болуы ке­рек. Дамыған елдердің көпшілігінде су­дьяларға қойылатын талаптардың жоғары бол­ғаны соншалық, бұрынғы кішігірім теріс қы­лықтар да қызметтен бас тартуға себеп болуы мүмкін. Мұндай тәжірибе Қазақ­стан­да да қолданылуы тиіс деп санаймын, – деген болатын Президент. 
Еліміздегі сот қызметі туралы Қaзaқстaн Рeс­публикacы Ұлттық Ғылым aкaдeмиясы­ның aкaдемигi C.Зимaнoвтың: «Қоғамдық, мем­лекеттік өмірдің кез келген саласында жеке тұлғаның рөлі сот қызметі саласын­да­ғы­д­ай ерекше мәнге ие емес. Ізгілік пен әділ­дік дегеніміз – адам руханиятының негізгі элементтерін құрайтын адамгершілік негіздер. Олар адамның табиғатына тән, де­генмен олардың пайда болуы үшін олар­ды басу мен езгіден «босатып», қоғамдық-сая­си қатынастар процесінде ашып, тәр­биелеуі керек. Бұл қасиеттер адамдар мен қо­ғам барған сайын шындық пен әділет­тілік­ті табуға бет бұрған судьялар үшін өте маңызды. Олар қанша қиын болса да үміт­терінде алданбауы керек. Судья өз атынан емес, мемлекет атынан, қоғамның ұжымдық және жоғары билігі атынан сөйлейді және бұл оған өте үлкен жауапкершілік жүктейді. Судьялар қызметінің маңыздылығы оның мінез-құлқы мен шешімі адамның қадір-қасиетін қалпына келтіруі, жоғарылатуы немесе оны тереңге итермелеуі, тіпті өлтіруі мүмкін екендігінде. Сондықтан судьялар барлық жағдайда ізгілік пен әділеттілік өнерінің персонациясы болуы керек. Жағ­дай жасау, тәрбиелеу және олардың осындай болуын талап ету – мемлекеттің және бүкіл қоғамның қажымас міндеті», – деген пікірі әлі күнге өзекті. 
Шынын айту керек, посткеңестік кеңіс­тіктегі құқықтық білім беру мә­се­лелеріне бұрын назар аударылмай кел­ді. Ғалымдар өткен ғасырдың аяғына қарай құқықтық саланы жетілдіру туралы айта бастады. Осылайша, елімізде соңғы 30 жыл ішінде судьялардың білімі – сот құзырет­ті­лігін дамытудың және бүкіл әлемде сот төре­лігі мен соттардың жұмысын жүзеге асы­ру сапасын арттырудың маңызды, жаңа құралына айналды. Әлемдік тәжірибеде тиім­ді және кәсіби судьялар корпусын құру­дың көптеген жолы бар. Осы орайда әр мем­­­­­­лекет өзінің төрелік ету жүйесін іске асыру кезінде әлемдік тәжірибені ескереді. Мә­селен, Ұлыбританияның судьяларды даяр­лау тәжірибесінде Сот алқасы – Англия мен Уэльсте, сондай-ақ Ұлыбританияның кей­бір трибуналдары – судьяларды дайын­дауға жауапты ресми орган. Олар әлемдік деңгейдегі судьяларды Сот колледжінде және шетелде даярлауға ұмтылады. Алайда бұл елде магистратурада заңгерлік білімнің болуы міндетті емес. 
Судья болуға үміткерлерді теориялық даярлау бойынша Франция озық елдер қатарында десек қателеспейміз. Жыл сайын 200-ге жуық судьялар мен прокурорларды даярлайтын француз ұлттық судьялар кор­пусына қабылдау конкурстық негізде жү­зеге асырылады. Француз ұлттық сот мек­тебіне түсу оңай емес. 1958 жылы қа­был­данған «Магистратураның мәртебесі туралы» заң бойынша: жоғары білім туралы Ұлттық диплом немесе Мемлекеттік Кеңестің қау­лысымен ресми түрде танылған басқа құ­жат немесе тиісті деңгейдегі диплом; аза­мат­тығы; іс-әрекетке қабілеттілігі және жо­ғары моральдық қасиеттері; заңға сәйкес әс­кери міндетті орындау; қызметтік мін­деттерін орындау үшін жарамды денсаулық жағдайының болуы шарт. 
Студенттер мемлекеттік құпияны сақ­тау­ға міндетті. Сот қызметіне қатыспас бұ­рын олар апелляциялық соттың алдында ант береді. Ұлттық магистратурадағы жал­пы курс 31 айға созылады. Осы уақыт ара­лы­ғында тaлaпкeрлердiң жaлпы мәдe­ниe­тiне де ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені фран­цуздар cyдьяның тeк құқықтық бiлi­мінің болуы жeткiлiксiз дeп caнaйды, oлaр бoлашaқтa сoт билiгінен мәдeниeттi aдaмды дa көргiсi кeлeдi. 
Ал Италияда судья не прокурор болу үшін үміткер сот тексерушісі ретінде тағы­лым­дамалардан өтуге тиіс. Ол үшін конкурс 3 рет жазбаша, 8 рет ауызша емтихан тап­сырады. 
Испания да басқа көп елде де үлгі бола­тын тиімді және әділ сот жүйесінің үлгісін жасаған мемлекеттердің бірі. Ол құқық пен құқықтанудың ұзақ тарихына, сондай-ақ сот жүйесін қолдау мен жетілдірудегі Үкімет пен қоғамдық ұйымдардың белсенді рөліне негізделген. Конституциялық сот судьялар­дың өкілеттік мерзімі – 9 жыл. Судьяларға ке­лесі талаптар қойылады: судьялар тек Ис­пания азаматтары бола алады; судьяның заң білімі болуы керек; судья жоғары оқу орны оқытушысы болуы керек әрі заң саласында он бес жылдық тәжірибесі бар, беделді деп танылған мемлекеттік қызметші немесе заңгер болуы керек.  
Жоғарыдa біз қaрaстырғaн сoт төpелігі сa­лaсындaғы хaлықaрaлық стaндaрттaр жәнe судьялapды дaярлaудың хaлықaрaлық тәжірибecі құқықтық бiлiм бeру жүйeсi мeн зaң тәжiрибeсiн, зaң кaдрлapын дaярлaудың нысaндapы мeн әдicтeрi әлі де рeфoрмa­лay­ды, жaңa стaндaрттaрды әзiрлeудің маңыз­ды екенін көрceтeдi. Зaңгeрлiк бiлiм бepy жә­нe құқықтық мeнeджмeнт жүйeлeрiн дa­мытy үшін eң aлдымeн, зaңгeрлeрдiң кәсiби мәдeниeтiн қaлыптacтыру қажет. Ел­дердің бәсекеге қабілеттілігін және адам ре­сурс­тарының сапасын арттыруға бай­ланысты процестердің жаһандануы жағ­дайын­да әртүрлі профильдегі заңгерлерді даярлау жаңа заман талабына сай жауап болмақ. 
Жекелеген судьялардың кәсіби дең­гейі­нің төмендігі – сот жүйесінің жұ­мы­сына кері әсер ететіні сөзсіз. Сарапшылар кейбір судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде қоғам алдындағы моральдық жауапкер­ші­лік­ті, судьяның жоғары миссиясын сезін­беуі­мен, Қазақстан Республикасының аты­нан қабылданған шешім үшін жауапкерші­лік­тің толық көлемін дұрыс түсінбей жатуы себеп дейді. Сонымен қатар судьялардың күнделікті жұмысында өздерінің қызметтік міндеттерін адал да, саналы түрде атқару, сот төрелігін тек заңға толық бағыну, бей­тараптық пен әділеттілікпен жүзеге асыру туралы салтанатты жағдайда берген ант сөздерін ұмытатыны өкінішті. 
– Судья жоғары кәсіби және моральдық дең­гейде өз міндеттерін адал атқарып, іс­тер­ді ақылға қонымды мерзімде уақытылы және дұрыс қарау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы керек. Судья өзінің біліктілігін жоғары деңгейде ұстап тұруға, өзін үнемі кәсіби тұрғыда жетілдіріп отыру­ға, өзінің кәсіби өсуімен айналысуға және өз саласының беделді маманы болуға ұмты­луға міндетті. Сот жүйесінің механизміндегі басты рөл судьяға, сот төрелігін жүргізуші ре­тінде беріледі. Осыған байланысты, судья­ның құқықтық мәртебесі сот билігінің даму деңгейін, сот төрелігінің сапасы мен оның тәуелсіздігін көрсетеді, – дейді  Бизнес және басқару магистрі Дана Қырықбаева. 
Сот жүйесі кез келген мемлекеттің құ­қық­тық жүйесінің негізгі институттарының бірі екенін ескерсек, оның тиімділігі кө­бінесе адами ресурстардың сапасы мен кәсібилігіне байланысты. Бұл ретте, елдің сот жүйесінде адами ресурстарды дамыту мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Осыны негізге ала отырып, адами ресурстарды даярлау – әділ және тәуелсіз сот жүйесін дамыту жолындағы басты кезеңдердің бірі деуге толық негіз бар.  

А.Бимендиева

Серіктес жаңалықтары