Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді

Сараптама қорытындысына сәйкес, қапшықтағы зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты

Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Қарағанды облысы ПД
267

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері «Қарағанды-Астана» тас жолында тоқтатылған Audi A6 көлігінен жалпы салмағы 266 кг болатын 13 қап марихуана тәркіледі.

Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны тізгіндеген Audi A6 көлігінде өзінің серігі де болған.

Автокөлікті тексеру барысында артқы орындықтан және жүк салғыштан өсімдік тектес заттан тұратын 13 қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қапшықтағы зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары