Боксшы Сәкен Бибосыновтың аяғына ота жасатқаны белгілі болды. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желіде сурет жариялады.
«Ота сәтті өтті. Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпес», - деп жазды ол.
1bol.kz мәліметінше, Бибосынов сол аяғына ота жасатқан. Алайда оның жарақатына не себеп болғаны әзірге түсініксіз. Бұған дейін ол жауырынынан ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт емделген болатын.