218
Қазақстан футбол федерациясының басқарушы директоры тағайындалды
Қайсар Бекеновтің басшылығымен «Астана» бірнеше мәрте ел чемпионы атанып, Еуропа аренасында жарқын жетістіктерімен көзге түсті.
![Қазақстан футбол федерациясының басқарушы директоры тағайындалды](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/12/1734506626.jpg)
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды.
Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019 жылдары аралығында және 2024 жылдың мамыр айынан бері «Астана» футбол клубында басшылық лауазымды болды. Бұған қоса, 2012-2013 жылдары Қазақстан футбол федерациясында да қызмет еткен.
Оның басшылығымен «Астана» бірнеше мәрте ел чемпионы атанып, Еуропа аренасында жарқын жетістіктерімен көзге түсті.