Алматы әкімі дүкен ашуға рұқсат беруді тоқтатпақ

Алматы әкімі дүкен ашуға рұқсат беруді тоқтатпақ

Алматы әкімі дүкен ашуға рұқсат беруді тоқтатпақ
ашық дереккөзі
Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек сауданы стандарттау комиссиясының жұмысы аяқталғанша қалада жаңа дүкен ашуға рұқсат беруді тоқтата тұруды ұсынуда, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz Әкім Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дүкен ашудың нақты талаптарын жасау бойынша арнайы комиссия құруды ұсынуда. "Германияға барған қазақ кәсіпкеріне қазақ дәмханасын ашуға рұқсат беріпті де, қытай асханасына рұқсат бермепті. Өйткені ол ауданда қытай дәмханасы болған. Жергілікті билік осылай жоспарлы жұмыс істейді", - деп мысал келтірді қала басшысы. "Бізде дүңгіршектер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Статистика бойынша 900, ал шын мәнінде бірнеше есе көп. Олар есеп бермейді. Соның ішіндегі 500 дүңгіршекте ешқандай құжат та жоқ. Оларды не істеу керек? Біз заңды жұмыс істеп жатқандарға басымдық береміз. Астанадағы сияқты әдемі дүңгіршектер салу керек. Құжат бойынша бәрі дұрыс. Бірақ салқын зердемен ойласаңыз ақылға қонбайды. Жолдың ортасында тұрып алып кісі өтетіп жерлерді жауып тастаған. Алдымен тәртіп орнату керек", - деді әкім. Өз сөзінде Бауыржан Байбек әр қаланың өз ерекшеліктері бар екенін айтты. "Астанада үй көп салынып жатыр, дүкен жетіспейді. Бұл Астананың мәселесі. Көпшіліктің айтуынша, оң жағалау ыңғайлы. Ал сол жағалауда құрылыс жүріп жатыр. Сол жаққа дүкен жетіспейді. Туристерлі тарту үшін қала әдемі және ыңғайлы боулы керек. Халықаралық стандарттарға сай болғаны дұрыс. Біз вокзалдар мен әуежай маңын да базарға айналдырып жібердік", - деді әкім. Әкімнің айтуынша, біріңғай стандарт дайындалғаннан кейін керек емес дүкендерді сүруді халық та қолдауы тиіс. Сонымен қатар әкім орынсыз жерге салынған базарларды да сүріп тастау керектігін айтты.