СҚО-дағы колледж студенттерінен ақша бопсалаған адам ұсталды

/
СҚО-дағы колледж студенттерінен ақша бопсалаған адам ұсталды
istockphoto.com
Ақжар аудандық сотының 28 қарашадағы үкімімен колледждің 3-курс студенті кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен жүйелі түрде қорқытып, ақша алу дерегі анықталды.  

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

Ақжар аудандық сотының 28 қарашадағы үкімімен колледждің 3-курс студенті кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

«Бұл деректі оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарламаған. Колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары