Сұмдыққа айналған "мінсіз" ұсыныс: Ресейдің IT маманы Мьянмада 6 ай құлдықта болған

Сұмдыққа айналған "мінсіз" ұсыныс: Ресейдің IT маманы Мьянмада 6 ай құлдықта болған
cурет: istockphoto.com
387

Ресейдің IT маманы Мьянмада 6 ай құлдықта болған. Бұл туралы Газета.ru жазды. 

IT маманы өте тиімді жұмыс ұсынысын қабылдап, Мьянмаға көшкеннен кейін 6 ай құлдықта өмір сүрген. Жаңа жұмыс пен шетелге көшу туралы уәделер арбау ғана болып шықты.  

Мьянмаға келген бойда оның төлқұжатын тартып алып, күнделікті 20 сағат бойы колл-орталықта жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Оның басты міндеті – адамдарды алдап, ақшаларын тартып алу болған. Жалақы орнына тек тамақ беріп, қоқан-лоққы көрсетіп отырған.  

Бостандыққа шығу тек Шри-Ланкадан келген басқа тұтқындардың көмегімен мүмкін болды. Олар бірге көтеріліс ұйымдастырып, қашып шыққан. Ақыры, олар Таиланд шекарасынан өтіп, Бангкокқа жеткен. Қазіргі уақытта IT-маман Таиланд астанасында, Ресейге оралуын күтіп отыр.  

Мұндай жағдайлар әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жиі кездеседі. Алаяқтар жоғары жалақы мен жақсы жұмыс жағдайын уәде етіп, кейін адамдарды заңсыз жолмен жұмыс істеуге мәжбүрлейді.  

Бұл оқиға – шетелде жұмыс ұсынатын компаниялармен келісім жасамас бұрын барынша мұқият болу керектігінің айқын мысалы. Жеке құжаттарды ешкімге бермеу және ұсыныстардың заңдылығын алдын ала тексеру – қауіпсіздік үшін маңызды қадам.  

Серіктес жаңалықтары