Бұрынғы футболшы Грузия президенті болып сайланды
Михаил Кавелашвили – сайлаудағы жалғыз үміткер болды және ол билік партиясы «Грузин арманының» өкілі
Бүгін, 14 желтоқсанда Грузияда президент сайлауы өтті. Елдің алтыншы президенті болып бұрынғы футболшы, экс-парламент депутаты Михаил Кавелашвили сайланды. Дауыс беру нәтижесін Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвили жариялады.
Кавелашвили үшін 224 сайлаушы дауыс берген. Жеңіске жету үшін 200 дауыс жинау қажет болды, бұл – коллегияның толық құрамының үштен екісі.
Михаил Кавелашвили – сайлаудағы жалғыз үміткер болды және ол билік партиясы «Грузин арманының» өкілі.
«Үш шақырылымның парламент депутаты болған бұрынғы футболшы, жоғары білімі жоқ Михаил Кавелашвили ең алдымен қоғамда антибатыстық мәлімдемелерімен, отырыстардағы төбелестерімен және бейәдеп сөздер қолдануымен есте қалды. Азаматтардың оның кандидатурасын ұсынуды президент институты мен мемлекетке деген қорлау ретінде қабылдады», – деп жазады басылым.
Президент алғаш рет тікелей жалпы халықтық дауыс беру арқылы емес, сайлаушылар алқасы арқылы сайланды. Алқа құрамына Грузия парламентінің 150 депутаты, Аджария Жоғарғы кеңесінің 21 депутаты, Абхазия Жоғарғы кеңесінің 20 өкілі және аудандық сакребуло (қалалық кеңес) мүшелерінің 109 депутаты кіреді.