Елорда тұрғындары мен қонақтарына қалада көлік қозғалысы уақытша шектелетіні және әскери ұшақтардың оқу-жаттығуы өтетіні ескертілді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасаған turkystan.kz.
"Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 2026 жылғы 5-7 қарашада қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.
Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 1 қарашадан бастап елорда аспанында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары жоспарланған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.