Прокуратура заңсыз митингілерге қатысты ескерту жасады

Жиналыстар, митингілер, пикеттер сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізу «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңымен қатаң реттелетінін еске салынды.

Прокуратура заңсыз митингілерге қатысты ескерту жасады
gov.kz
306

Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарды заңсыз митингілерге қатыспауға шақырды. Бұл туралы Талғар аудандық прокуратусы хабарлады.

Алматы облысының прокуратурасы жиналыстар, митингілер, пикеттер сияқты бұқаралық іс-шараларды өткізу «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңымен қатаң реттелетінін еске салды.

«Біз тұрғындарды жауапкершілік танытып, заңсыз митингілерге қатысуға шақыруларға еріп кетпеуді сұраймыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу заңды өрескел бұзу болып саналады және ауыр зардаптарға әкеп соғады. Бұл әрекеттер әкімшілік жауапкершілікке (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (Қылмыстық кодекстің 400-бабы) жатады.

Заңсыз әрекеттерге қатысу әкімшілік қамауға алуға, ірі көлемдегі айыппұлдарға, сондай-ақ қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз», - делінген хабарламада.

Прокуратура халықты заңды сақтауға шақырып, заңсыз әрекеттерге қатысу әкімшілік қамауға алуға, ірі көлемдегі айыппұлдарға, сондай-ақ қылмыстық қудалауға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары