Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына тағы 3 алтын түсті

Қазір Қазақстан қоржынында Таиландтағы Азия чемпионатының 5 алтын, 6 қола жүлдесі бар.

Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына тағы 3 алтын түсті
коллаж: Тurkystan.kz
264

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. Қазақ құрамсының қоржынына тағы үш алтын түсті.

70 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Наталья Богданова финалда таиландтық Байсон Маниконды 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Ал Гүлсая Ержан 81 кг салмақ дәрежесіндегі финалда украиналық Карине Айрапетянмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ Елдана Тәліпованың ақтық сындағы қарсыласы өзбек боксшысы Олтиной Сотимбоева болды. 81 килограмнан жоғары салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Тәліпова 4:1 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль еншліеді.

Осылайша, қазір Қазақстан қоржынында Таиландтағы Азия чемпионатының 5 алтын, 6 қола жүлдесі бар. Осыған дейін Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг).

Ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг), сондай-ақ ерлер арасында Ерасыл Жақпеков (80 кг) жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде еншіледі.

Серіктес жаңалықтары